Иранның Pouya Air авиакомпаниясы Қазақстанға шетелдік тасымалдаушыны аккредиттеу үшін индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің азаматтық авиация комитетіне өтініш берді, деп хабарлайды комитет.
2019 жылғы көктемгі-жазғы навигация кезеңінен бастап ирандық Royal Air компаниясы алғаш рет Ақтау – Горган бағыты бойынша тікелей халықаралық рейстерді орындауды жоспарлап отыр.
Рейстерді аптасына 2 рет Embraer-145 әуе кемесімен орындау жоспарланып отыр.
"Рейстердің ашылуы Қазақстан мен Иран арасындағы сауда-экономикалық қарым – қатынасты дамытуға, сондай-ақ Ақтау қаласының әуежайына жолаушылар ағынын ұлғайтуға мүмкіндік береді", – делінген хабарламада.