"Комсомольское БК" ЖШС Қостанай облысында "Комсомольское" кен орнында алтын кенін барлауды жоспарлап отыр, деп хабарлады "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне "Тобол" ӘКК.
Аталған жобаның құны 368,6 млн теңгені (қазіргі бағам – 1$/324,24) құрайды, барлау мерзімі – 5 жыл.
"Тобол" ӘКК-ге "Оңтүстік "Технокешені" ЖШС серіктес болып отыр.
"Оңтүстік Технокешен" ЖШС ауыл шаруашылығы қондырғыларын көтере сатумен айналысады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу