Қостанай автовокзалындағы ана мен бала бөлмесіне бір жарым жасар сәбиін қалдырып кеткен безбүйрек ана табылды, деп хабарлайды Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметі.
ІІБ қызметкерлері 22 жасар "Көкек ананы" Астанадан тапқан.
Бұл факті бойынша ҚР ҚК-нің 119-бабы бойынша (Қауіпті жағдайда қалдыру) қылмыстық іс қозғалды.
17 маусымда кешкі сағат 20.30 шамасында "102" пультіне автовокзалдағы ана мен бала бөлмесінде сәбидің жалғыз жатқаны туралы ақпарат түскен. Оқиға орнына ювеналды полиция және жедел қызмет мамандары келген. Сәбиді ғимарат күзетшілері байқаған. Қазір ол Қостанайдағы "Дельфин" балалар үйінде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу