ҚР білім жəне ғылым вице-министрі АҚШ-қа ресми сапармен барады

785

ҚР білім жəне ғылым вице-министрі АҚШ-қа ресми сапармен барады

2018 жылдың 29 мамыры мен 1 маусымы аралығында құрамында Қазақстан Республикасының білім жəне ғылым вице-министрі Аймағамбетов А.Қ., "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ вице-президенті Төребекова З.Т., сонымен қатар алдыңғы қатарлы қазақстандық жоғары оқу орындарының өкілдері бар қазақстандық делегацияның Америка Құрама Штаттарына ресми сапары жоспарлануда, деп хабарлайды БҒМ баспасөз қызметі.

Сапар аясында 2018 жылдың 30 мамырында Филадельфия қаласындағы Пенсильвания университетінің базасында жоғары оқу орындары ректорларының қазақстандық-американдық форумын өткізу жоспарланған. Форум жұмысына 19 американдық жəне 10 қазақстандық жоғары оқу орындары өкілдерінің қатысуы жəне форум аясында екі жақты меморандумдарға қол қою жоспарланып отыр.

Осы форумның басты мақсаты жоғары оқу орындары арасында екі жақты ынтымақтастықты дамыту жəне нығайту болып табылады. Жоғары оқу орындары аралық форумға қатысушылар серіктестік өзара қарым-қатынастарды дамыту үшін тұрақты платформа құруды, сонымен қатар білім саласының басты академиялық рейтингтерінде тұрақты орындарда орналасқан Американың жоғары білім беру флагмандарымен ары қарай халықаралық ынтымақтастық үшін ұзақ мерзімді байланысты орнатуды көздейді.

Сонымен қатар қазақстандық делегацияның жыл сайын əлемдік білім нарығының негізгі ойыншыларын жинайтын, маңызды іс-шара болып есептелетін NAFSA (Халықаралық білім қайраткерлерінің ассоциациясы) халықаралық көрмесіне қатысуы жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу