КСРО кезінде шыққан "Пепси-кола" сусыны 34 мың теңгеге бағаланып отыр

1265

КСРО кезінде шыққан "Пепси-кола" сусыны 34 мың теңгеге бағаланып отыр

Қазақстандық көне тауарлардан коллекция жинаушы 1989 жылы шыққан әрқайсысының мөлшері 0,5 литр болатын "Пепси-кола" сусынының екі шөлмегін саудаға шығарды. Сатушы сусынның әр шөлмегі үшін 34 мың теңге сұрады. Бұл туралы svopi.ru сілтеме жасап "ҚазАқпарат" хабарлады.

Ерекше шишадағы бұл сусын 1989 жылы Кеңес Одағы тұсында шыққан. Бірінші болып келген адамға сатушы екі шөлмектің бірін таңдауға мүмкіндік жасайды. Ал, одан кейін келген адам қалған шөлмекті алуға мәжбүр болады. Сусынның бірінің пайдалану мерзімі өтіп кеткен. Соған қарамастан оны саудалаушы сусынның сатып алған адамның жағдайына қалай әсер ететінін айтпай отыр.

Кейбіреулер шөлмек сатылған күннің өзінде оны "Музей жәдігері" ретінде ғана сатып алуы мүмкін деген пікір айтуда. "Пепси-кола" сусысын өндіру мәселесі Кеңес Одағы тұсында шешілді. PepsiCo компаниясының президенті Дональд Кендал Кеңес Одағының министрлер кабинетінің басшысы Алексей Косыгинмен кездескен болатын. Осы кездесуден кейін бір бір жылдан соң-ақ АҚШ пен КСРО арасында екіжақты сауда келісіміне қол қойылды.

Келісім нәтижесінде PepsiCo компаниясы "Столичная" арағының АҚШ-қа тасымалдаушысы болды. Ал, "Пепси-кола" сусыны КСРО аймағында 1973 жылдан сатыла бастады. Осы уақыттарда Новороссискіде аталмыш сусынды өндіретін зауыт та ашылған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу