Люксембург компанияларының "Нұрлы жол" бағдарламасына қатысқанына мүдделіміз – Әбдіқалықова

914

Люксембург компанияларының "Нұрлы жол" бағдарламасына қатысқанына мүдделіміз – Әбдіқалықова

Люксембург компанияларының "Нұрлы жол" бағдарламасына қатысқанына мүдделіміз. Бүгін Ақордада Люксембург Ұлы Герцогтігінің Елшісі Антуан Сомдадан сенім грамотасын қабылдаған еліміздің Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова осылай мәлім етті, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

Кездесу барысында Әбдіқалықова Буркино Фасо елінің Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының жарғысына қосылғандығы үшін ризашылық білдірді. "Біз люксембургтік компаниялардың "Нұрлы жол" мен Қазақстанның Индустриялық-инновациялық бағдарламасының екінші кезеңіне қатысуларына мүдделіміз", – деді Мемлекеттік хатшы.

Буркино Фасо Елшісі кездесуден дейін БАҚ өкілдеріне арнайы сұхбат беріп, елінің ақпараттық технологиялар, коммуникациялар және көлік салалары жақсы дамығандығын атап өтті.

Қазақстанның іскер топтарын осы мүмкіншіліктерімізді пайдалануға әрі жемісті экономикалық ынтымақтастық орнатуға шақырамын. Буркино Фасо өзінің әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын бекітті. Қазіргі уақытта біз оны жан-жақты енгізіп, барлық салада жүзеге асыруға тырысудамыз. Мен бұл мүмкіншіліктерді де қазақ іскерлерінің пайдалана алатындығын атап өткім келеді", – деді Антуан Сомда.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу