Маңғыстаулық экипаждың "Жібек жолы" раллиінде мерейі үстем болды

778

Маңғыстаулық экипаждың "Жібек жолы" раллиінде мерейі үстем болды

Бүгін Қытайдағы Сиан қаласында ғаламшардың ең ұзақ "Жібек жолы" жарысы аяқталып, ралли-марафонына қатысушылар салтанатты түрде  мәре сызығын қиып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ежелгі қала -Синанның  басты алаңында жұртшылық Маңғыстау облысының "Aktau Motosport"  ралли-командасының экипажын қызу қол шапалақтап қарсы алды. Олар бірінші рет трансқұрлықаралық автомобиль марафонына қатысып, Т2 санатындағы (жолсызбен жүретін көліктер) жарыста  жеңімпаз атанды.

Автошабандоздар  Кирилл Черненков пен Алексей Мун Мәскеу мен Сиан аралығындағы 10 мың шақырымды бірінші болып бағындырды.

"Өте күрделі болды. Біз алдымызға бір ғана мақсат қойдық. Ол - Сиандағы мәре сызығын қию. Бізді қолдаған барша жанға рахмет айтқымыз келеді",- дейді Кирилл Черненков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу