Мәскеу бағытындағы ұшақ "Сарыарқа" әуежайынан ұша алмады

877

Мәскеу бағытындағы ұшақ "Сарыарқа" әуежайынан ұша алмады

Техникалық ақауларға байланысты "Аэрофлот" әуе компаниясының "Қарағанды-Мәскеу" рейсімен қатынайтын ұшақ Қарағандының "Сарыарқа" әуежайынан ұша алмады, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

"Техникалық себептер. Нақты не екенін айта алмаймын. Ұшақ өз уақытымен жетіп, таңғы алтыда сәтті қонған. Экипаж шешімімен жолаушылар үш сағат бойы ұшақ салонында отырды. Одан кейін әуе рейсін кейінге қалдыру туралы шешім қабылданды. Онда 130 жолаушы болған. Кей жолаушылар үйлеріне қайтты, ал қалғандарын қонақ үйге орналастыру жұмыстары жүргізілуде. Оқыс жағдай әрине, дегенмен тезірек реттеуге тырысамыз", – деді тасымалдау басшысының орынбасары Әсел Елубаева.

Әуежайдың хабарлауынша, әуе рейсі 17:30-да көкке көтеріледі. Ұшақ тексеруге жіберіліп, орнына өзге борт келеді деп күтілуде. Болжам бойынша, ұшақтың жүк бөлігінің гидравликасы қатып қалуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу