Қазақстан президенті "Жайық Агро LTD" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің зауытына барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Елбасы тауық етін өндіруге және дайындауға маманданған "Жайық Агро LTD" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тамақ кәсіпорнының жұмысымен танысты.
Мемлекет басшысына кәсіпорынның өндірістік қуаты және дайын өнімнің сатылуы жөнінде мәлімет ұсынылды.
Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаевқа "Мясодел" және "Кублей" брендтерінің ет өнімдерін дайындаумен және өндірумен айналысатын жергілікті кәсіпорындардың жұмыстары туралы баяндалды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу