Мұнай өндірісі: 9 айда – 9 млн тонна

1069

Мұнай өндірісі:  9 айда – 9 млн тонна

ҚМГ БӨ 9 134 мың тонна (тәулігіне 246 мың баррель) мұнай өндірді. Бұл туралы "ҚазМұнайГаз" АҚ сілтеме жасап strategy2050.kz  хабарлайды.

2016 жылдың 9 айында "Қазгермұнай" БК" ЖШС (ҚГМ), CCEL (CCEL) және "ПетроҚазақстан Инк." (ПҚИ) компанияларындағы үлестерді есептегенде, ҚМГ БӨ 9 134 мың тонна (тәулігіне 246 мың баррель) мұнай өндірді, бұл 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1%-ға кем.

"Өзенмұнайгаз" АҚ (ӨМГ) 4 181 мың тонна (тәулігіне 112 мың баррель) өндірді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2% артық.

"Ембімұнайгаз" АҚ (ЕМГ) 2 122 мың тонна (тәулігіне 57 мың баррель) өндірді, бұл 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1%-ға көп. Нәтижесінде ӨМГ мен ЕМГ жалпы өндіру көлемі 6 303 мың тоннаны (тәулігіне 169 мың баррель) құрады, бұл 2015 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 1% артық.

CCEL, ҚГМ және ПҚИ компанияларындағы өндіруде ҚМГ БӨ үлесі 2016 жылдың алғашқы тоғыз айында 2 831 мың тоннаны (тәулігіне 77 мың баррель) құрады, бұл 2015 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 6% кем, және негізінен ПҚИ компаниясындағы мұнай өндіру көлемінің азаюына байланысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу