Мəскеуден Көкшетауға 60 жолаушы ұшып келді

749

Мəскеуден Көкшетауға 60 жолаушы ұшып келді

Мəскеу-Көкшетау-Мəскеу жаңа əуе бағыты ашылды. Еске сала кетейік, қазіргі кезде Көкшетау əуежайы арқылы Ақтау-Көкшетау-Ақтау, Алматы-Көкшетау-Алматы бағыттарында аптасына екі рет  ішкі әуе  рейстері қатынайды.

Биылғы жылдың 5 мамырынан бастап  Шымкент-Көкшетау-Шымкент əуе бағыттары қалпына келтірілді.  Бұл рейстер  аптаның жұма жəне жексенбі күндері СКАТ əуе компаниясының CRJ-200 əуе кемелері арқылы жүзеге асырылады.

Енді Көкшетау халықаралық əуежайы арқылы əр жексенбі сайын "Авиакомпания S7" əуе компаниясының Airbus A320 жайлы самолеттері арқылы Мəскеудің "Домодедово" əуежайына  тікелей əуе рейсі ашылып отыр. Ұшу уақыты - 3-3,5 сағат. Билет құны 50 мың теңге.

"Бүгін алғашқы рейспен Мəскеуден 60 жолаушы ұшып келді. Ал Көкшетаудан 30-ға жуық жолаушы аттанбақшы. Жолаушылардың алаңсыз ұшуына барлық жағдай қарастырылған", - деді "Авиакомпания S7" əуе компаниясының өкілі Александр Завражин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу