ОҚО-да жастарға арналған "IT park" мектебі ашылды

888

ОҚО-да жастарға арналған "IT park" мектебі ашылды

Оңтүстік Қазақстан облыстық Жастар рессурстық орталығы ақпараттық технологиялар саласына қызығатын жастарға арнап "IT park" мектебін ашты, деп хабарлайды 24.kz.

Бұл жобада ең әуелі 14-29 жас аралығындағы жастарды ақысыз оқытып, цифрлық сауаттылықтың қыр-сырын үйретеді. Өзін IT саласында көргісі келетін 700-ге жуық жас жобаға қатысуға өтінім білдірген.

"IT park"-тың мақсаты – жастардың цифрлық сауаттылығын арттыру. Сондай-ақ, жастардың IT жоба ашуына көмек көрсету, жобаға инвестиция тарту", – дейді IT park" жобасының үйлестірушісі Айдын Есжанов.

Қазірдің өзінде талантты жастар 5 жобаны қолға алған. Әсіресе тұрғындар үшін "Smart on" "Latyn" мобильдік қосымшаларының пайдасы мол болмақ. Смартфон гаджет арқылы аударма жасап, кез келген ақпаратты алуға болады. Ал жыл соңында 10 заманауи үздік жоба әзірленіп, іске қосылмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу