ОҚО-да "Тоғыс тау" тау шаңғысы базасы салынады

1024

ОҚО-да "Тоғыс тау" тау шаңғысы базасы салынады

Оңтүстік Қазақстан облысында тағы бір ірі тау шаңғысы базасы салынады, деп хабарлайды 24Хабар.

Кешен табиғаты әсем Төлеби ауданындағы Тау самалы демалыс аймағынан бой көтереді. Тың жоба ауданның 2017 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму тұжырымдамасына енген. Туризм – жобаның негізгі күре тамыры. Өйткені аудан таулы аймақта орналасқан. Бұл жыл он екі ай табыс табуға мүмкіндік береді. Осыған негізделген "Тоғыс тау" шаңғы базасының жалпы ұзындығы 8 шақырымды қамтиды. Шатқалдың ішінен қанатты жол салынады. Жобаның құны – 5 млрд теңге. Оны жеке кәсіпкер өз қаржысына тұрғызады. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік пен туризм саласы ауданның негізгі табыс көзіне айналмақ. Тұжырымдамада үш саланың дамуы мен ондағы атқарылатын тірліктер тізбектеліп көрсетілген. Саумалмен емдеу жобасы да бар. "Бастысы, жергілікті халықты жұмыспен қамтуы", - дейді аудан әкімі.

"Жер мәселесін шешетін болсақ, ендігі жылға 400 млн теңгеге жол, 300 млн-ға электр энергиясы және 1 млрд 300 млн-ға сол қанатты жол алуға дайын. Бұл енді тек қана тау шаңғысы емес, жыл 12 ай ол жердің табиғаты өте жақсы, демалысы бар. Таулы аймақтар толығымен туризмді дамытуға мүмкіндік береді", – деді Төлеби ауданының әкімі Бұқарбай Парманов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу