Олжас Сәттібаев – капитан

1871

Олжас Сәттібаев – капитан

52 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Қазақстан құрамасының бұрынғы боксшысы Олжас Сәттібаев "Астана Арландары" кәсіпқой бокс клубының жаңа капитаны болады,  деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұған дейін бұл міндетті Қанат Ислам мен Самат Бәшенов атқарды.

Олимпиада ойындарының алдында Олжас Сәттібаев өз салмақ дәрежесінде Қазақстан құрамасының бірінші боксшысы деп танылып, Рио-де-Жанейроға барды. Ол 1/8 финалында Рауф оглы Мамишзадеге жол берді. Олимпиададан соң  Олжас Сәттібаевтың ұлттық құраманың сапынан кеткендігі жарияланды.

Айта кетейік, Бүкіләлемдік бокс сериясының екі дүркін жеңімпазы "Астана Арландары" "Астана"  президенттік клубының құрамына кіреді. Олар турнирдің биылғы маусымын Қытай, Өзбекстан, Ресей құрамаларының тобымен бастайды.

Порталдың атап көрсетуінше, клубтың құрамында 2016 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері Василий Левит мансаптық жолын жалғастыруы мүмкін. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу