Омбы – Майқапшағай жолында болған жол апатынан екі адам көз жұмды

802

Екінші көліктің жүргізушісі мен екі жолаушы түрлі жарақатпен Павлодар қаласының ауруханасына жеткізілді.

Омбы – Майқапшағай жолында болған жол апатынан екі адам көз жұмды

Павлодар ауданына қарасты Набережное ауылының жанында жол көлік оқиғасы орын алды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Бүгін сағат 10.27 шамасында Омбы – Майқапшағай тас жолында, Набережное ауылының жанында жол апаты тіркелді. "Форд" мен "Хонда" маркалы автокөлік соқтығысып, "Хондада" отырған екі адам көз жұмды", – дейді департаменттен.

Көлік жүргізушісі мен екі жолаушы түрлі жарақатпен Павлодар қаласының ауруханасына жеткізілді.

 Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу