Өнер жұлдыздары ХҚКО-ға "жұмысқа қабылданды"

1124

Жұлдыздардың ХҚО-дағы бір күні қалай өтті

Өнер жұлдыздары ХҚКО-ға "жұмысқа қабылданды"

Бүгін Халыққа қызмет көрсету орталықтарына келгендерге қазақ эстрадасы мен телевидение жұлдыздары қызмет көрсетті, деп хабарлайды "Азаматтарға арналған үкіметтің" баспасөз қызметі.

Азаматтарға арналған үкімет бір күнге Қыдырәлі Болманды, Құрмаш Маханды, Ғани Жапишевті, Шахаризат Сейдахметованы, Айжан Нұрмағамбетованы, Марат Омаровты, Мырзахан Махановты және Әзімбек Байлинды "жұмысқа қабылдады". Шоу-бизнес өкілдері электрондық кезек талонын, ақпараттық анықтамаларды және дайын құжаттарды беріп отырды.
"Жұлдыздың ХҚО-дағы бір күні" атты іс-шара бүгін бір мезетте Ақмола облысындағы Ақмол ауылында, Алматы облысының Қаскелең қаласындағы фронт-офистері мен Алматы қаласының Медеу аудандық ХҚО-да және Астана қаласының мамандандырылған ХҚО-да өтті.

"Бұндай халық легін игеру үшін өзің аздап психолог болуың керек. Ең бастысы әрқашан күлімдеуді ұмытпаған жөн", - дейді әнші Шахаризат Сейдахметов.

Азаматтарға арналған үкіметтің 314 фронт-офисінде 8 818 адам қызмет етеді. Бұл аптасына алты күн сағат 9-дан кешкі 8-ге дейін талмай еңбек етіп халыққа мемлекеттік қызметтерді алуға көмектесетін адамдар. Осы жылдың 7 айында қазастандықтар ХҚО-ры арқылы 20 млн-нан астам мемлекеттік қызмет алған, олардың 7 млн - нан астамы өзіне-өзі қызмет көрсету секторлаы арқылы азаматтар өз бетінше алған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу