banner

Өскеменде ер адамға "жүкті" деген қорытынды неге берілгендігі анықталып жатыр

2598

Медициналық мекеме өкілдерінің мәлімдеуінше, олқылыққа компьютерлік бағдарламадағы ақау себеп болған. 

Өскеменде ер адамға "жүкті" деген қорытынды неге берілгендігі анықталып жатыр Фото: ustinka.kz

Дәрігерге қаралған азаматқа "жүкті" деген медициналық қорытынды берілді. Өскеменде осындай таңқаларлық жағдай болды, деп хабарлайды 24.kz.

Оқиға қаладағы жекеменшік ауруханалардың бірінде тіркелген. Бұдан бұрын науқас белі ауырып, бүйірі шаншып жүргенін айтып арнайы маман алдына барған екен. Алайда дәрігер жазып берген диагнозды оқығанда не күлерін не жыларын білмепті. Онда оның іші жүктілік мерзіміне сай өскендігі жазылыпты. Медициналық мекеме өкілдерінің мәлімдеуінше, олқылыққа компьютерлік бағдарламадағы ақау себеп болған. Адами фактор да жоққа шығарылмады. Қазір нефролог берген тұжырымдамадан не себепті қате жіберілгені тексеріліп жатыр.

Науқас біз қолданатын шараға келісіп тұр.Яғни біз  дәрігерлер жиналып нефролог берген анықтаманы жан-жақты зерттейміз. Осыдан соң егер ол тек механикалық себептен жіберілген қате болса, жедел кеңесте талқылаймыз.Ал салғырттық үшін әрине ескерту жасалады", - дейді аурухана директорының орынбасары Александр Киреев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу