Павлодарда 25 "сақалды" нысан қала әкімінің бақылауына алынған

815

Павлодарда 25 "сақалды" нысан қала әкімінің бақылауына алынған

Павлодарда құрылысы аяқталмаған 25 нысан билік басшылығының назарына алынған. Бұл туралы бүгін тұрғындармен өткізген есептік кездесу барысында шаһар басшысы Нұржан Әшімбетов айтты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Қала тұрғындарының бірі Усолка шағын ауданындағы Ак. Сәтбаев, Ткачев көшелерінің бойындағы және "Лидер" дүкенінің қасындағы нысандардың болашағына алаңдаулы екенін жеткізді.

"Апта сайын осы мәселеге қатысы жұмыс жүргізілуде және  нәтижесі де бар, - дейді Нұржан Әшімбетов. – Біз  құрылысы тоқтап тұрған он нысанды орнынан қозғадық және меншік иесін қалыпқа келтіруге немесе іске асыруға мәжібүр еттік, басқа меншік иесіне тапсырдық. Усолка шағын ауданындағы ғимарат жуық арада аукционға қойылады. Бұл жерде мейрамхана ашуға ниет білдірген азамат та табылды. Ткачев көшесіндегі жер телімі банкте кепілдікте тұр. Сот шешімімен  жер телімін мемлекеттің меншігіне тапсыру туралы шешім қабылданған.  Сонымен қатар, осы шағын ауданда 50 метрлік бассейіннің құрылысы жүргізілуде".

Қала әкімінің айтуынша, әкімдік банкпен бірге  аукцион ұйымдастырады. "Астория" мейрамханасына қарсы орналасқан жер теліміне қатысты  сауда орталығы бар көпқабатты тұрғын үй кешені құрылысының жобасы бекітілген.  Бұл іспен жергілікті кәсіпкер айналысады.

Көріктендірілмеген аумақтарға полиция,  пайдаланбаған жер телімі үшін жер инспекциясы айыппұл салады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу