Павлодарда "Құпия сатып алушы" акциясы басталды

1177

Павлодарда "Құпия сатып алушы" акциясы басталды

Павлодарда арнайы мониторинг тобы мемлекеттік қызмет көрсетудегі кемшіліктерді анықтау мақсатында "Құпия сатып алушы" акциясын ұйымдастыруда. Бұл туралы жемқорлыққа қарсы арнайы мониторинг тобының мүшесі Рамиль Смаилов айтты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Сатып алушылар мемлекеттік қызмет көрсетілген сәтті видеожазбаға немесе үнтаспаға жазып алулары керек, - деді Рамиль Смаилов. – Дайын материалдарын Ugu.dgsp@mail.ru электронды мекенжайға жіберулеріне болады. Сондай-ақ материалдың мазмұнды, әрі түсінікті болуы үшін автор жазбаны ғимаратқа кірмей тұрып бастауы керек. Өйткені, жалған оқиғалар өрбітушілер табылуы мүмкін".

Конкурс бірінші сәуірге дейін жалғасады. Үш үздік жазбаның авторларына бағалы сыйлықтар табысталмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу