Президенті жоғары технологияларды қолдану арқылы алма өсіріп, оны сақтаумен және сатумен айналысатын "DALA-FRUIT.KZ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Сондай-ақ мемлекет басшысы облыстың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жөнінен хабардар болып, ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесін аралады.
"Бұдан 10-15 жыл бұрын өзіміз осындай алуан түрлі өнім өндіреміз деп ойлап па едік? Ал бүгін ол шындыққа айналды", – дейді елбасы.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев жиналған көпшілікке бақ-береке тілеп, жоғары өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізулеріне ниеттестігін білдірді.
Серіктестік жылына 8-10 мың тонна алма өсіреді. Компания бақ өсіру саласындағы әлемдік үздік тәжірибелерді қолданады.