Рой Джонс: Қазақстан – үздік боксшылар отаны

965

Рой Джонс: Қазақстан – үздік боксшылар отаны

Алматыға өзінің жеке сапарымен даңқты боксшылардың бірі кіші Рой Джонс келді, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

"Достық" спорт кешенінде боксшы жанкүйерлеріне арнап баспасөз мәслихатын өткізді. Кездесуде ол сұрақтарға жауап беріп, суретке түсті. Жиынға Сидней олимпиадасының алтын жүлдегері Ермахан Ыбырайымов та келді.

"Қазақстанға келгеніме қуаныштымын. Мен сіздердің елдеріңізді сүйемін. Қазақстан – үздік боксшылар отаны. Сіздердің елдеріңізді адамдарды ұлтқа, нәсілге, дініне қарамай құрметтеп, сыйлайды, сонысы қатты ұнайды", – деді Рой Джонс. 

Кездесуде қызықты сұрақтар ғана қойылған жоқ. Жиналған қауым арасынан бір жанкүйер  боксшыдан оның көзіне жақыннан, тік қарауға рұқсат сұрады. Бұған жымия жауап қатқан, Рой Джонс келісті. 

Шараның ұйымдастырушысы Qazqom банк өкілінің хабарлауынша, мәртебелі мейман бүгін таңертең мүгедек балалар ауруханасына барып, "Құс жолы" қайырымдылық шарасына өз үлесін қосуға ниет білдірген. Боксшының өзі Қазақстанға кәсіби бокстың дамуына көмектесу үшін келгенін айтты. Кездесу соңында екі адам боксшының қолтаңбасымен екі былғары қолғапты естелікке алды. Кіші Рой Джонс – АҚШ-тың кәсіпқой боксшысы. 1988 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері. Ол бокс тарихында орта салмақта чемпион болып, кейін екінші орта салмақта жеңіске, одан кейін жартылай ауыр және ауыр салмақта титулды жеңіп алған алғашқы боксшы.


 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу