Сая­си жә­не эко­номикалық ре­­фор­ма­лар­ға арналған бри­финг өтті

982

Сая­си жә­не эко­номикалық ре­­фор­ма­лар­ға арналған бри­финг өтті

Жақында Мәскеуде Қазақстанның Ресей­д­егі ел­шілігінің ұйым­дас­ты­руы­мен еліміздегі кең ау­қымды сая­си жә­не эко­номикалық ре­­фор­ма­лар­ға арналған бри­финг болып өтті, деп ха­барлады Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің бас­па­сөз қызметі.

Қазақстанның Ресейдегі уақытша сенімді өкілі Марат Сыздықов пен елшіліктің кеңес­ші-елшісі Болат Иманбаев жур­на­листерді Қазақстан Пре­зидентінің үсті­міздегі жыл­дың 25 қаңтарында жа­риялаған билік тармақтары ара­сын­да өкілеттіктерді қайта бөлу мә­­селелеріне арналған Үндеуі мен оның үстіміздегі жылдың 31 қаң­тарында жариялаған "Қазақстан­ның үшінші жаңғыруы: жаһандық бә­се­кеге қабілеттілік" халыққа Жол­­дауының негізгі ережелерімен та­ныстырды.

М.Сыздықов басталған жыл Қазақстан үшін қым-қуыт оқи­ға­лар­ға толы және халықаралық күн тәр­тібі бойынша мазмұнды жыл болып отырғанын атап көрсетті. 1 қаңтарда Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде өзінің міндеттеріне кіріссе, арада көп уақыт өтпей Астанада Сирия дағдарысын реттеу бойынша көпжақты келіссөздер ұйым­­дастырылды. Қаңтардың ая­­ғын­да Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев негізінде би­лік тармақтары арасындағы өкі­лет­тіктерді қайта бөлу мен сая­си жүйені демократияландыру жат­қан елдегі демократиялық жаң­ғы­ру­ларды әрі қарай тереңдетудің жос­парын жария етті. Ол Қазақстан Көш­басшысы 2015 жылдың нау­рыз айында жария еткен Бес инс­ти­туттық реформаны жүзеге асы­ру­дың ажырағысыз бөлшегі болып та­былады.

Дипломат бұқаралық ақпарат құралдары­ның өкілдерін консти­ту­ция­лық және заң­на­малық өзгерістердің қорытындыларымен егжей-тегжейлі таныстырып, рефор­маның Қазақстанды уақыттың жаңа сын-қатерлеріне дайындайтынын атап көрсетті. Жаңа жағдайларда Мем­лекет басшысының құзыретіне стра­тегиялық функциялар – билік тар­мақтарының арасындағы қарым-қа­тынастарда жоғарғы төреші рөлі енетін болады. Президент, сон­дай-ақ, өзінің назарын сыртқы сая­сатқа, ұлттық қауіпсіздік пен қор­ға­ныс қабілеті мәселелеріне шо­ғырландырады.

М.Сыздықов Президенттің қазіргі өкілет­тік­терінің белгілі бір бө­лігі Үкімет пен Парламентке бері­летінін, мұның атқарушы жә­не заң шығарушы биліктің жау­ап­кер­ші­лігі мен тиімділігін айтар­лық­тай жоғарылататынын хабарлады. Мұн­дай өкілеттіктердің саны шама­мен 40 шақты. Өкілет­тік­терді беру Конституция мен тиіс­ті заңдарға өзгерістер енгізу есебі­нен қамтамасыз етілетін бола­ды. Тұтастай алғанда, Президент өз өкілеттіктерінің айтарлықтай бө­лі­гін беруді бір ғана мақсатта – елді бас­қарудың дамудың демократия жо­лымен жүріп келе жатқан заманауи жүйесін қазіргіден де тиімдірек, орнық­тырақ етуді жүзеге асыру мақсатында қолға алып отыр.

Өз кезегінде Б.Иманбаев жұрт­шы­лықтың назарын Қазақстанды эко­номикалық жаң­ғыртудың Пре­зи­денттің Жолдауында жария етіл­ген үшінші кезеңін түсіндіруге аудар­ды. Ол ширек ғасыр бедерінде Қазақстанда екі жаңғырту жүзеге асы­рылса, олардың нарықтық эко­номика қағидаттарына негіз­дел­г­ен жаңа мемлекет құрып, Қазақстан­ның әлемдегі бәсекеге аса қа­бі­летті 50 елдің қатарына енуіне мүм­кіндік бергенін хабарлады.

Б.Иманбаев қатысушылардың назарын еліміз экономикасының өсу қарқынының орташа әлемдік дең­гейден жоғары болуын және Қазақстанның алдыңғы қатарлы 30 елдің қатарына тұрақты түрде ілге­рілеуін қамтамасыз етуге тиіс бо­латын бес негізгі басымдыққа ау­дарды. Бұларға экономиканы же­дел технологиялық жаңғырту, биз­нес-ортаны түбегейлі жақсарту жә­не кеңейту, макроэкономикалық тұрақ­тылық, адам капиталы сапасын жақсарту, институттық қайта жаңғырулар, сондай-ақ, қауіп­сізд­ікпен және жемқорлықпен күрес мәселелері жа­тады.

Дипломаттың сөзінде жаңа экономикалық бағдарламаның маңызды қырлары технологиялық жаңару мен цифрлық технологиялар базасында жаңа салалар құру болып табылатыны атап өтілді. Жаңа индустрия құрумен қатар, Қазақстан дәстүрлі арқаулы салаларға екпін береді. Олар: өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, көлік және логистика, құрылыс секторы және тағы басқалар. Осыған орай, Үкіметке "Қазақстанның ұлттық технологиялық бастамасы" деп аталатын дамудың 2025 жылға дейінгі мерзімге арналған стратегиялық жоспарын жасау тапсырылды.

Б.Иманбаев Қазақстан Пре­зи­дентінің Жол­дауы қазіргі заманғы сын-қатерлер мен жаһандық тех­но­логиялық өзгерістерге қисынды жауап болып табылатынын атап көр­сетті. Өйткені, құжатта елді әрі қарай әлеуметтік-экономикалық дамытудың нақты механизмдері көрініс тапқан.

Брифингтің қорытынды бөлі­гін­де қазақ­стан­дық дипломаттар ресейлік бұқаралық ақпарат өкі­л­дері тарапынан қойылған сұ­рақтарға жауап берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу