Серік Ақтай "Моңғол елінің Лашыны" атағын алды

901

Серік Ақтай "Моңғол елінің Лашыны" атағын алды

 

Моңғолия мемлекетінің ұлттық мерекесі мен Іргелі мемлекет (Ғұн мемлекеті) құрылуының 2226 жылдық тойында 5 палуанды жыққан Серік Ақтай "Моңғол елінің Лашыны" атағын жеңіп алды, деп хабарлайды altaynews.kz.

Моңғол қазақтары арасынан бұл атаққа 30 шақты жылдан бері О.Бақыт балуаннан басқа ешбір спортшы жетпеген екен.

Осы айдың 10-нан бастап 4 күнге созылатын Моңғолияның мемлекеттік тойы қарсаңында, қандасымыз ең мықты балуандар ғана қол жеткізе алатын атаққа ие болып отыр.

"Қарсыластар оңай болған жоқ, бірақ, жеңіске деген құштарлық пен қажырлы еңбек мені мақсатыма жеткізді. Бұл жеңісімді күллі қазақ еліне арнаймын",- дейді Серік Ақтай.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу