Шымкентте "Шатқал" бағдарламасымен 226 гектарға ағаш отырғызылады

1500

Шымкентте "Шатқал" бағдарламасымен 226 гектарға ағаш отырғызылады

Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент қаласында "Шатқал" бағдарламасы аясында Қ.Төлеметов көшесі мен Алматы-Термез автожолының қиылысынан тағы бір саябақ құрылды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Осы жобамен құрылған қаладағы төртінші саябаққа облыс әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы қатысып, жасыл желек отырғызды.

Демалыс аймағының тез арада дамып, халыққа сая сыйлауы маңызды екеніне тоқталған әкім, көлемі 17 га демалыс аймағын қарап, оны жасыл желекпен қамтамасыз етуге қолдау білдірген облыстық мәслихаттың депутаттарына алғыс білдірді.

Халық қалаулыларының жауапкершілігіне алынған саябақта көлеңке беретін жай жапырақты ағаштар – қаратал, үйеңкі сынды желектердің 4 мың данасы отырғызылды.

Қазір Шымкент қаласында жалпы аумағы 300 га 8 саябақ бар. Сонымен қатар 104 көшеде ағаш отырғызылған. Алдағы уақытта "Шатқал" бағдарламасы аясында 47 шатқал іске асқанда жалпы орманды алқап 16 мың гектарға жетеді.

Облыс орталығының әрбір тұрғынына кемінде шамамен 16 шаршы метр жасыл желек қажет. Бұл қажеттілікке бағдарлама толық іске асқанда қол жеткізілмек.

Абаттануы тиіс шатқалдардың үлкені – "Самал" шатқалы. Оның жалпы аумағы – 38 га. "Шымсая" мен "Юнус Эмре" шатқалдарының аумағы – 25 га, ал қалғандары 8- 10 гектардан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу