Сингапурлық компаниялар Алматыда "Смарт сити" жобасында бірігіп жұмыс істеуге ынталы

971

Сингапурлық компаниялар Алматыда "Смарт сити" жобасында бірігіп жұмыс істеуге ынталы

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Қазақстандағы Сингапур Республикасының елшісі Зулкифли Бахарудин мен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қала әкім Сингапурдың инвестиция тарту, қаржылық қызметті және туристік кластерді дамыту жөніндегі тәжірибесі Алматы үшін қызықты екенін айтты.

Кездесу барысында Сингапур елшісіне Алатау ауданындағы индустриалды аймақтың, "Инновациялық технологяилар паркі" АЭА-тың әлеуеті, сондай-ақ қаланы дамыту жөніндегі "Алматы-2020" бағдарламасын жүзеге асырудағы ынтымақтастық ісі сөз болды.

"Бұл менің Алматыға алғашқы сапарым, байқағаным қала тұрақты дамып келеді екен. "Смарт сити" саласында бірігіп жұмыс істеуге біздің сингапурлық компаниялар ынталы деп ойлаймын, өйткені біздің осы бағыт бойынша жинақтаған мол тәжірибеміз бар", – деді З.Бахарудин.

Сингапур Республикасының елшісі нақтылы жобалар бойынша әңгімелесу үшін ҚР-ға сингапурлық бизнесмендер делегациясының келуін ұйымдастыруды ұсынды.

2016 жылы Алматы қаласы мен Сингапур арасындағы тауар айналымы 21,4 млн АҚШ долларын құрады. 2017 жылдың ақпан айындағы көрсеткіш бойынша қалада 58 біріккен және 23 сингапурлық кәсіпорындар тіркелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу