Солтүстік Қазақстанда алғаш рет "Қымызфест" фестивалі өтеді

1028

Солтүстік Қазақстанда алғаш рет "Қымызфест" фестивалі өтеді

Солтүстік Қазақстанда алғаш рет "Қымызфест" фестивалі өтеді Бұл жөнінде фестивальді ұйымдастырушылардың бірі, "Қызылжар жастары" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ерлік Мұхамеджанов мәлімдеді, деп хабарлайды egemen.kz.
Фестиваль өңірдің ұлттық дәстүрлері мен мәдени құндылықтарын жұртшылық арасында кеңінен насихаттап, дәстүрге айналдыруды діттейді.

"Фестивальдің символдық белгісіне тарпаң мінезді жылқының алынуы кездейсоқ емес. Біздің бабаларымыз түліктің төресін осыдан 50 мың жыл бұрын қолға үйретіп, үй жануары ретінде тұрмыста пайдаланғаны, бие байлап, қымыз ашытқаны Айыртау ауданында орналасқан Ботай қонысында жүргізілген археологиялық қазбалар дәлелдеп берген. Сондықтан ертеден келе жатқан ұлттық салт-дәстүрлерімізді жас буынның білгені, үйренгені жөн", - дейді Е. Мұхамеджанов. Фестиваль төрт бағытта ұйымдастырылады. Атап айтқанда, жоба атты карнавал-шеру, ұлттық тағамдар, халықтық жәрмеңке және "Сақа" ұлттық ойынын қамтылып, әр аудан өкіллері өнер сынасатын болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу