Стойлов кеткеннен кейін "Астананың" тізгінін ресейлік маман ұстауы ықтимал

665

Стойлов кеткеннен кейін "Астананың" тізгінін ресейлік маман ұстауы ықтимал

Ресейлік маман Олег Кононов елордалық "Астана" клубының тізгінін ұстауы мүмкін. Бұл туралы Football.by порталына сілтемемен vesti.kz.

Кононовтың соңғы жұмыс орны "Ахмат" клубы болған еді. 51 жастағы маман грозныйлық клубтан 30 қазан күні кетті. Ал осы уақытқа дейін ол Ресей біріншілігінде "Краснодар" клубының бас бапкері болса, Украинада "Севастополь" мен "Карпаты" клубын жаттықтырған. 

Олег Кононовтың бастамасымен "Карпаты" клубы Еуропа лигасының топтық кезеңіне дейін жетсе, "Краснодар" өз тарихынды бірінші рет Ресей біріншілігінің қола жүлдесін жеңіп алды. 

Қазіргі таңда "Астана" клубын болгариялық маман Станимир Стойлов жаттықтырып жатыр. Бірақ оның келісімшарты желтоқсан айының соңында аяқталады. Бұған дейін ол елордалық клубтан кетіп, жаңа жұмыс орнын қарастырып жатқанын айтты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу