Қостанайлық қос студент "Ұлы Дала тарихы" атты анықтамалық ақпараттық қосымша құрастырып шығарды, деп хабарлайды 24.kz.
Ернар Жақсыбаев пен Жанбота Ғиса атты қос студент құрастырған, қалта телефонына жүктелетін бұл бағдарлама ЕХРО-2017 көрмесіне дейін қолданысқа енгізіледі. Студенттер осы арқылы еліміздегі тарихи нысандарды насихаттап, бүлдіршіндерге патриоттық тәрбие дарытуды көздейді.
Ақпараттық анықтамалық қосымша үш бөліктен тұрады. Оларда мемлекет тарапынан қолдау тапқан тарихи, саяси оқиғалар туралы мәлімет, киелі мекендер мен белгілі нысандар жайлы ақпараттар топтастырылады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу