Тараз қаласында 14-ші шағын аудан құрылысы басталып кетті, деп хабарлайды abctv.kz.
Талас жағасында "Тараз сити" қалашығы бой көтереді. Өзен жағасындағы 360 гектар аумаққа 100-ге жуық көпқабатты үй, театр, мектеп, балабақша, неке сарайы, спорттық нысан, медициналық мекеме, саябақ салынады.
Алғашқы үй құрылысы да басталып кетті. 6,7 млрд теңгеге газ, электр энергисы, су жүйесі жүргізілді.
Сонымен қатар қаладағы автовокзал жаны мен Сүлейменов көшесінің соңында да жаңа аудан пайда болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу