Талдықорғандағы облыстық қорғаныс істер жөніндегі департаментте оқыс оқиға болды. Бүгін сағат 8-дер шамасында орынбасары мен басшысы сөзге келіспей қалып, орынбасары бастығын атып тастаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазір оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр. Ол аңшы мылтығын терезеден лақтырып жіберген. Криминалистер қаруды сараптамадан өткізіп жатыр. Аталған оқиға жайлы журналистерге ешқандай ақпарат берілмеді, бірақ мекемеден шығып, өзін əскери прокурор қызметкерімін деп таныстырған азамат оқиғаны растады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу