Тарихи шаһар ЮНЕСКО тізімінен шығып қалуы мүмкін

745

Тарихи шаһар ЮНЕСКО тізімінен шығып қалуы мүмкін

Туризмді дамытуды мақсат еткен Өзбекстан ЮНЕСКО тізіміне енген ортағасырлық Шахрисабз қаласының тарихи орталығын бүлдіріп тастаған. Енді ЮНЕСКО шаһарды тізімнен шығарып тастау жайын қарастырып жатыр, деп хабарлайды baq.kz.

Тарихи шаһарды көруге келетін туристі көбейтуді көздеген Өзбекстан табыс әкеледі деген қалаға ЮНЕСКО тізімінен шығып қалу қаупі төнді.

Мемлекеттің туризмді дамыту бағдарламасы бойынша Шахрисабз қаласының 70 га жері тегістелген. Екі шақырымға созылып жатқан учаске ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұрасы тізіміне енген, өйткені бұл аумақта ортағасырлық тұрғын үйлер болған.

Осы үйлерді күреп тастағаннан кейін тарихи қала айрықша мәртебесінен айрылғалы тұр. Өзбекстан үкіметі Шахрисабздағы "абаттандыру" жұмысын марқұм президент Ислам Кәрімовтің тұсында, 2014 жылы бастады.

ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұра тізімінде тұрған екі тарихи "махалла" орнына үлкен бульвар, көлік тұрағы мен кең алаң салынды. БҰҰ агенттігі оны сынап, "туристерге арналған дүңгіршегі бар заманауи тақырыптық саябақ" деп атады. 1991 жылы тәуелсіздігін алған Өзбекстан бай тарихына сүйене отырып, ұлттық болмысын жарнамалауға ұмтылып келеді.

Кәрімов үкіметі 1996 жылы аумаққа 14-ғасырдағы билеуші, Темір династиясының негізін салушы Әмір Темірдің үлкен ескерткішін тұрғызды. ЮНЕСКО Өзбекстанның бұл әрекетін де сынаған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу