Теннистен "Президент Кубогі-2017" жүлдесі үшін ХІХ халықаралық турнир өтеді

704

Теннистен "Президент Кубогі-2017" жүлдесі үшін ХІХ халықаралық турнир өтеді

ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесін өткізу аясында 17-23 шілде Астананың ұлттық теннис орталығында "Президент Кубогі-2017" жүлдесі үшін ATPChallengerи ITFWomen’s  сериясында үлкен теннистен ХІХ халықаралық турнир өтеді. Жүлде қоры – 225 000 АҚШ доллары. Шараны Қазақстанның теннис федерациясы ұйымдастырды, деп хабарлайды astana.gov.kz.

Турнирге әлемнің 30 елінен келген 200-ге жуық теннистші қатысады деп күтілуде. Олардың ішінде әлемнің ТОП-100 рейтингіне кірген спортшылар бар.

Қазақстанның атынан турнирге Михаил Кукушкин, Андрей Голубев, Дмитрий Попко және Камила Керімбаева қатысады.

Турнир аясында 8-15 шілде аралығында "Керуен" ОСО-да Қазақстан құрамасының мүшелерімен шеберлік сабақтары өтеді.

"Президент Кубогі-2017" турнирі 18 шілде күні, сағат 10.45-те басталады.

17-23 шілде аралығында "AstanaMasters 12& underPresident’sCup" балалар теннисі және әуесқой теннистшілер арасында "AstanaOpen" турнирі өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу