Түрік бұғаздарында тағы да кептелістер: жүздеген кемелер тұрып қалды

570

Vesselfinder навигациялық порталының мәліметі бойынша, Босфор мен Дарданелл бұғаздарының кіреберісінде жүздеген кемелер тұрып қалған. Олардың арасында кем дегенде елу кеме - мұнай және мұнай өнімдерін тиеген танкерлер.    

Түрік бұғаздарында тағы да кептелістер: жүздеген кемелер тұрып қалды Фото: eadaily.com

Кемелер кептелісіне Дарданеллдегі тұман себеп болды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

"Оңтүстіктен кіруге мәжбүр болған кеме капитандарына радиодан ескерту жасалды, бұғазды тұман жапқандықтан кемелердің екі жақты транзиті үшін жабық екендігі жарияланды. Тұман сейілгеннен кейін кемелердің қозғалысы қалпына келеді", - деп хабарлады Дарданелл бұғазындағы кемелердің қауіпсіз өтуін жүзеге асыру қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу