Доллар бағамы туристік жолдама бағасына әсер етеді

701

Яғни, оның теңгемен қайта есептегендегі құны өзгереді.

Доллар бағамы туристік жолдама бағасына әсер етеді

Доллардың қымбаттауына байланысты қазақстандықтар үшін шетелде демалу бағасы айтарлықтай өзгермейді, деп хабарлайды "Туристік Қамқор" корпоративті қоры

"Туристік жолдамалардың бағасы негізінен АҚШ долларымен қалыптасатынын ескерсек, олардың өзіндік құны сәл ғана өзгереді, тек теңгемен қайта есептегендегі бағасы ғана өсуі мүмкін. Себебі туроператорлар бағаларды қазіргі курспен қайта есептейді, ал доллардың курсы біраз өскені байқалады. Сол себепті туристік жолдамалардың бағасы өскен жоқ, тек оның теңгемен қайта есептегендегі құны өзгереді", - дейді қордан.

Алайда, доллармен алғандағы жолдамалардың да бағасы бірқалыпты емес. Бағыты, маусымы, қонақүйдің жайлылығына қарай бағаның құбылуы қалыпты жағдай.

Доллардың сәл қымбаттай түсуі биылғы жылғы жаз маусымында туристік ағымға еш кері әсерін тигізген жоқ. Жаздың үш айында 140 мың қазақстандық туркодпен шетелде демалып үлгерді. 2017 жылы 260 мың адам демалған болатын.

"Тамыз айының соңында мұсылман әлемінде аталып өтілетін үлкен мерекеге байланысты (Құрбан айт) туристік жолдамалардың бағасы біршама қымбаттайды. Түркия бағытындағы бағалар қыркүйектен бастап төмендей бастайды. Бұл кезде Қазақстанда жаңа оқу жылы басталады, яғни демалушылар саны күрт азаяды. Қыркүйектің соңында Түркияда бес жұлдызды қонақүйде екі адамға шаққандағы сегіз күндік демалыстың құны 800 мың теңге болса, Египеттегі тура осындай демалыс 500 мың теңгеге түспек. Египетте күз бен қыс айларында демалыс бағасы жоғарыласа, Түркиядағы демалыстың бағасы керісінше біртіндеп арзандай түспек", - делінген қор таратқан хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу