Түркістанда салынып жатқан үйлердің бәрі "ақылды" болады

2016

Түркістанда жаңадан бой көтеретін шағынаудан "Отырар" деп аталады. 

Түркістанда салынып жатқан үйлердің бәрі "ақылды" болады

Түркістанда 11 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Жаңа шағынауданда салынып жатқан баспаналар "7-20-25" бағдарламасы аясында бой көтеруде, деп хабарлайды kz.otyrar.kz.

Инвестициялар және даму министрлігіне қарасты құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов құрылыс барысын көруге келді. Төраға үйлердің "ақылды" болуын қадап айтты.

Түркістанда жаңадан бой көтеретін шағынаудан "Отырар" деп аталады. Жалпы 6500 шаршы метр аумаққа 11 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Мұнда 5 қабатты 60 пәтерден тұратын арендалық үйлер салынуда. Қазір 6 мердігер компания қарқынды жұмыс істеп, құрылысты келер жылы аяқтауға ниеттеніп отыр. Тұрғын үйлерді салуға республикалық бюджеттен 3 млрд теңгеге жуық қаржы қаралған.

"60 пәтерлі 5 қабатты 20 үй арендалық үй болып отыр. Одан бөлек, несиеге берілетін 6 үй салып жатырмыз. Оның төртеуі тұрғын үй, екеуі коммерциялық тұрғын үй болады. Қазір 11 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Жалпы құны 4 млрд. 105 млн теңге. Одан кейін 9 үйдің құжаты конкурстан өтуде", - дейді Түркістан қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Әбдісамат Исраилов.

Құрылыс жұмыстарымен танысып шыққан төраға жауапты мамандармен жиын өткізді. Көпқабатты тұрғын үйлерді цифрландыру қажеттігін қадап айтты. Айтып өтейік, келер жылы Түркістан қаласында 3 — ші класты 42 көпқабатты тұрғын үй бой көтереді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу