ҮЕҰ Италияның "Теңіз кодексіне" қол қоймады

1075

ҮЕҰ Италияның "Теңіз кодексіне" қол қоймады

Францияның "Мүмкіндігі шексіз дәрігерлер" және немістің "Жастар құтқарады" атты үкіметтік емес ұйымдары "Теңіз кодексіне" қол қоймады, деп хабарлайды 24.kz

Италия үкіметінің бұл заңы Жерорта теңізіндегі келімсектерді құтқарушы гуманитарлық ұйымдарға арналған нұсқаулық іспетті. Жаңа кодекс кемелерге Ливия аумағына енуге, алақол саудагерлермен байланысуға тыйым салып, бортына полицияның кіруіне кедергі келтірмеуге міндеттейді.

Бұған дейін үкіметтік емес ұйымдарға теңізден заңсыз өткісі келетін мигранттарды қолдайды деген сын айтылған еді. Енді Италия үкіметі кодекс шартымен келіспеген ұйымдарды құтқару жұмыстарынан шеттетпек. Осылайша, еріктілер келімсектерді жағалауға да түсіре алмайды.

"Мүмкіндігі шексіз дәрігерлер" ұйымының италиялық бөлімшесінің бас директоры "Теңіз кодексіне" қол қоймауының себебін түсіндіре келе, бортта тәртіп сақшыларының емін-еркін жүруіне, яғни қару-жарақтың болуына бейжай қарай алмайтындығын айтты.    

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу