Украина "Евровидения–2017" ұйымдастыруға жұмсалатын қаражатты 20 млн гривенге қысқартты

1027

Украина "Евровидения–2017" ұйымдастыруға жұмсалатын қаражатты 20 млн гривенге қысқартты

Еуропаның басты ән байқауын Киевте өткізу жергілікті бюджет үшін үлкен салмақ салып отыр.  Елдің үкіметіне сілтеме жасаған БАҚ-тың айтуынша, "Евровидения–2017" өткізу үшін дайындық жұмыстарына жұмсалатын қаражат  20 млн гривенге қысқартылыпты. Бұл туралы life.ru мәлім етті.

Киев әу баста мерекелік шараны ұйымдастыруға 450 миллион гривен жұмсауды жоспарлаған. Алайда, ел үкіметі   қаражатты қысқартып, Мемлекеттік телевидение және радиотарату комитетіне 430,62 млн гривен ақша бөлді.

Естеріңізге сала кетейік, "Евровидения-2017" ән байқауының ресми ашылу салтанаты София Киевская шіркеу кешені аумағында болатыны 21 қыркүйекте белгілі болды.  Бұл шешім  Еуропаның хабар тарату одағы, Украинаның ұлттық телкомпаниясы және Киев қаласының әкімшілігі өкілдерінің кездесуінде қабылданған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу