Ұлттық банк "Халық Банкі" мен "Қазком" арасында келіссөздердің басталғаны туралы ақпаратқа түсінік берді

959

Ұлттық банк "Халық Банкі" мен "Қазком" арасында келіссөздердің басталғаны туралы ақпаратқа түсінік берді

"Қазақстан Халық Банкі" АҚ пен "Қазком" АҚ арасында келіссөздердің басталғаны туралы Ұлттық банкке банктердің менеджменті және акционерлері хабарлады. Қаржы нарықтарының жаһандануы және ықпалдасу процестерінің күшеюі жағдайында банк секторының шоғырлану үрдісі көптеген елдерге, оның ішінде Қазақстанға да тән. Бұл туралы ҚРҰБ төрағасының орынбасары Олег Смоляков хабарлады.

"Мәміле нақты іске асырылғанға дейін банктер Ұлттық банктен ірі акционерлерді ауыстыруға келісім алуға тиіс, ол келісім банктердің барлық депозиторлары мен кредиторларының мүддесін қорғау қамтамасыз етілген, сондай-ақ банктердің бизнесін орнықты дамыту үшін жаңа акционерлерде қаржылай мүмкіндік болған жағдайда ғана болуы мүмкін", – деп хабарлады Олег Смоляков.

Сонымен бірге, оның айтуынша, Ұлттық банк шоғырлану процесіне қатысатын әрбір банк миноритарийлерінің құқықтарын сақтау, сондай-ақ өзге ілеспе міндеттемелердің толық көлемде орындалуы бойынша қаржы институттары міндеттемелерінің орындалуы бөлігінде мониторингті жүзеге асыруға дайын екендігін мәлімдейді.  

"Сонымен бірге Қазақстан заңнамасына сәйкес "Қазақстан Халық Банкі" АҚ пен "Қазком" АҚ талқылап отырған мәміленің уақытша шектеулері жоқ екеніне көңіл аудару қажет", – деп атап өтті Олег Смоляков. 

Ол "Ұлттық Банк банк секторының қаржылық орнықтылығын және банктердің банк заңнамасының талаптарын бұлжытпай сақтауын қамтамасыз ету саясатын жалғастырады", – деп атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу