Ұлыбританияның "ЭКСПО-2017" көрмесінде тұратын павильоны таныстырылды

760

Ұлыбританияның "ЭКСПО-2017" көрмесінде тұратын павильоны таныстырылды

Ұлыбританияның Сыртқы және Достастық істері жөніндегі министрлігінде ашылуы осы жылғы 26 маусымда "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесі кезінде Біріккен Корольдіктің Ұлттық күні аясында жоспарланған британдық павильонның ресми тұсаукесері өтті, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Іс-шарада сөз алған Елші Е. Ыдырысов британ тарапын Қазақстанға "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесін өткізуде қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіріп, Лондонның аталған іс-шараны ұйымдастыруға және ілгерілетуге қосқан маңызды үлесін атап өтті.

Ұлыбритания өзінің "ЭКСПО-2017" көрмесіне қатысуын құптаған, Ұлттық комиссарын тағайындаған және өз павильоны дизайнының тұсаукесерін өткізген алғашқы елдердің бірі. Біріккен Корольдіктің бұл жаһандық форумға қатысуы оның Қазақстанмен ұзақ мерзімді серіктестік құруға және оны дамытуға бейілділігінің айғағы.

Елші Е. Ыдырысов Қазақстанның мұндай халықаралық көрмені  өткізетін Орталық Азиядағы және ТМД-дағы тұңғыш мемлекет болатындығын этап өтті. "ЭКСПО-2017" біздің еліміз үшін тарихтағы аса маңызды жаһандық форумдардың бірі болады. Көрме аясында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының және Ислам Ынтымақтастық Ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі саммиттерін, көрмеге қатысушы елдердің ұлттық күндерін, түрлі министрлік форумдарын, барлығы 3 мыңнан астам мәдени және спорттық іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр.

Өз кезегінде Сауда және инвестициялар Мемлекеттік министрі, Қазақстан-Ұлыбритания ҮАК тең төрағасы Г.Хэндс екі ел арасындағы қатынастардың жоғары деңгейде дамып келе жатқандығына баса назар аударып, іс-шараға қатысушыларды осы жылғы 13-16 сәуірде Лондон алаңдарының бірінде өтетін Қазақстанның "Керуен-ЭКСПО-2017" роудшоуына қатысуға шақырды. Г. Хэндс "Астана ЭКСПО-2017" Британияға оның соңғы технологиялық және инновациялық жаңалықтарын барша әлемге көрсететуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Сонымен бірге, Ұлыбританияның "ЭКСПО-2017" Ұлттық комиссары Ч.Хендри де британ тарапының көрмені Қазақстанмен және көрмеге қатысушы елдермен бизнес саласындағы ынтымақтастықты дамытуға арналған айрықша мүмкіндік екендігін тілге тиек етті.

Ұлыбритания атынан "ЭКСПО-2017" көрмесіне Лондондық Ситидің лорд-мэрі Эндрю Пармли және Корольдіктің Сауда және инвестициялар Мемлекеттік министрі Г. Хэндс қатысатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу