Үндістанда кәсіпкерлікке қатысты дүниежүзілік саммит басталды. Маңызды шараға әлемнің әр елінен келген мыңнан астам кәсіпкер мен инвестор қатысуда. Олардың қатарында 4 қазақстандық бар, деп хабарлайды khabar.kz.
Жиынға арқау болған басты тақырып – кәсіпкерлікте әйелдерге қолдау көрсету.
Жалпы бұл саммитте қатысушылар бизнес пен стартап аясындағы тың жаңалықтармен бөлісіп қана қоймай, инвесторларды табу мүмкіндігіне ие бола алады.
"Биыл шараға қатысып отырғандардың жартысынан астамы – әйелдер. Бұл форум кәсіпкерлер мен қалталы азаматтардың арасында әріптестік орнатып, оларды тоғыстыруға бағытталған", - дейді Ақ үй кеңесшісі Иванка Трамп.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу