Жақында аспаннан жұлдыз "жауады"

1536

Жұлдыздардың жауын жауғандай болып, аса қатты жарқырауы 33 жылда бір қайталанады.

Жақында аспаннан жұлдыз "жауады"

Қарашаның 17-сінен 18-сіне қараған аспаннан жұлдыз "жауады", деп хабарлайды kaz.altaynews.kz.

Қарашада Темпель-Туттль кометасынан аспанда тозаң қалады. Сол сәтте жер әлем самаладай жарқырайды. Леонид кометасы да көрінеді.

Ғалым Любовь Шестакованың сөзінше, бұл қарашаның 17-сінен 18-сіне қараған түні болады.

"Егер ай аздап кедергі келтірмесе, әдемі көрініс болады. Бұған ешқандай көзілдіріксіз немесе басқа да қорғаныс затынсыз қарай беруге болады", – деді ол.

Оның айтысына қарағанда, жұлдыздардың жауын жауғандай болып, аса қатты жарқырауы 33 жылда бір қайталанады. Себебі, Темпель-Туттль кометасы осы уақытта күнге жақын келеді. Ал мұндай ерекше жағдай соңғы рет 1999 жылы болыпты.

Мәліметтерге сүйенсек, 1966 жылы әуеде бір сағат ішінде 150 мың жұлдыз жаныпты. Ал биыл 1 сағатта 15 жұлдыз жанады деп күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу