Жаңадан ашылған "Тіл-Қазына" орталығының директоры тағайындалды

3795

Жаңадан ашылған "Тіл-Қазына" орталығының директоры тағайындалды

Елордада Шайсұлтан Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ашылды, деп хабарлайды ҚР мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының базасында Шайсұлтан Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығы болып қайта құрылып отыр.

Орталықтың мақсаты – латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін көшіру бойынша ведомствоаралық жұмыстарды үйлестіруді, орфографиялық ережелерін дайындау, оларды апробациядан өткізу, әліпби бойынша үйрету, түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және мемлекеттік қызметшілер мен жеке тұлғаларға мемлекеттік тілді жеделдетіп оқытуды ғылыми-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету және филология саласында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу болып табылады.

Орталықтың бас директоры болып Ғарифолла Есім тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу