Жапонияда "шөгіп жатқан" депозиттерді мемлекеттің пайдалануы туралы заң қабылданды

1230

Жапонияда "шөгіп жатқан" депозиттерді мемлекеттің пайдалануы туралы заң қабылданды

Жапония парламенті мемлекеттің "шөгіп жатқан" қаражаттарды қоғамдық қажеттіліктерге бағыттауына мүмкіндік беретін заң қабылдады. Заң жеке тұлғалардың соңғы 10 жыл көлемінде қозғалыссыз жатқан есеп-шоттарына әрекет етпек. Осындай "ұйқыда жатқан" депозиттердегі қаражат жыл сайын 100 миллиард иенге дейін барады, деп жазады РИА Новости.

Мемлекет  енді осы қаражаттарды аймақтарды дамытуды қолдау, балаларға көмек және басқа да пайдалы жұмыстармен айналысатын қоғамдық ұйымдарға субсидия және гранттар ретінде бағыттайтын болады.  Заң 2019 жылдан соң пайда болатын "шөгіп жатқан" есеп-шоттарға әрекет ете бастайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу