banner

Жас "Барыс" елордалық әкім кубогы турнирінде жеңіске жетті

820

Жарысқа жас хоккейшілерден құралған 24 команда қатысты.

Жас "Барыс" елордалық әкім кубогы турнирінде жеңіске жетті

Астанада шайбалы хоккейден Әкім кубогы үшін балалар-жасөспірімдер командалары арасында турнир өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жарыс "Барыс" спорт кешенінің мұз айдынында өткізілді. Үш күн бойы 2010 және 2011 жылы туған жас хоккейшілерден құралған 24 команда бас жүлдені сарапқа салды. Кіші жас санатында (2011 ж.т.) астаналық "Барыс-мечта" командасы алтын алса, орта топта (2010 ж.т.) қарағандылық "Металлург-2010" командасы топ жарды.

Балалар жарысын астаналық әуесқойлар хоккей лигасы, елордалық мәдениет және спорт басқармасы, сондай-ақ Қазақстан хоккей федерациясы ұйымдастырды.

Елордалық жаттықтырушы Павел Филипенконың шәкірттері қола, күміс және алтын медаль иеленіп, Кубокты қанжығасына байлады.

"Барыс-2011" командасын жаттықтырамын, оның құрамында 80 бала бар. Бізден алты құрам қатысты. Біз көп дайындалдық. Балалар өз қабілеттерін жақсы көрсете білдіі. Бұған қол жеткізген жетістіктеріміз дәлел бола алад. Біз бірінші, екінші және үшінші орынға ие болдық. Жалпы, балалардың дайындық деңгейі жақсы. Командада әлеуеті зор балалар бар. Әр команданың өз жұлдыздары болады", - деді жаттықтырушы.

Жарыс, осымен екінші рет CrossIcehockey форматында өткізіліп отыр: екіге бөлінген бір мұз айдынында қатарынан екі ойын өтеді. 

"Турнирді Cross Ice форматында екінші рет ұйымдастырдық. Мұндай жарыс мамыр айында өткен болатын. Бұл жолы да 24 команда бәсекеге түсті, оның 20-ы елордалық және 4-уі Теміртау мен Қарағандыдан. Сонымен қатар, кіші жас топта № 10 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің 2012 жылы туған балалар ойнайтын 2 командасы сайысқа түсті, - деді астаналық әуесқой хоккей лигасының президенті Виталий Сахнов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу