Жол құрылысына тартылғандардың 95 пайызы – ел азаматтары

1185

Жол құрылысына тартылғандардың 95 пайызы – ел азаматтары

Еліміздің жол құрылысындағы қазақстандық қамтудың үлесі 95 пайызды құрады. Бұл туралы "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бойынша құқықтық қамтамасыз етуге арналған дөңгелек үстел барысында инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Альберт Рау мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz.

 "Бүгінде  жол құрылысындағы қазақстандық қамтудың ең үлкен үлесі  95 пайызды құрады. Мультипликативтік әсер өте жоғары, барлық құрылған жұмыс орындары бірқатар салада  қосымша бірнеше жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді", - деді ол.

Вице-министр атап өткендей, ЖҚЖК-2020 аясында республикалық бюджеттен  40 млрд теңге бөлінді, оның ішінде  12 млрд теңгесі жол желісін жөндеуге бағытталды.

"1600 жобаны жүзеге асыру үшін  8 мың жұмыс орны құрылды, оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы  3300 адам қамтылды. Биыл  автожолдарда  100 мың адам, оның ішінде республикалық маңызы бар жолдарда уақытша  80 мың адам жұмыс істеуде", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу