Жүк тиелген 1000-шы пойыз "Қорғас-Шығыс қақпасы" АЭА арқылы өтті

844

Жүк тиелген 1000-шы пойыз "Қорғас-Шығыс қақпасы" АЭА арқылы өтті

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ еншілес кәсіпорны "KTZ Express" АҚ мен "Бірлескен көлік-логистикалық компаниясы" АҚ ("БКЛК" АҚ) бірлесіп жыл басынан бері 1000- контейнерлік пойызын аттандырды, деп хабарлайды "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

Hewlett Packard (HP) компаниясының өнімдерін тиеген 40 футтық 41 контейнерлік вагонды жылжымалы құрам 1 желтоқсанда Алтынкөл стансасы және "Қорғас-Шығыс қақпасы" АЭА арқылы Қытайдан Еуропаға транзиттік бағдармен өтті. Кедендік ресімдеу мен 1520 жолтабанына ауыстыру 55 минутта атқарылды. Пойызды Брест станциясынан Еуропаға жөнелту үшін қайта тиеу 7 желтоқсанға жоспарланған.

"Клиенттердің аталмыш бағдарды таңдауына "Қорғас-Шығыс қақпасы" АЭА құрғақ порты ұсынатын 1520 жолтабанындағы қызметінде инфрақұрылымының дамығандығы, сапалы логистикалық қызмет көрсетілуі себеп болып отыр", – дейді "KTZ Express" АҚ президенті Диас Ысқақов.

Болжам бойынша, 2017 жылы жоспарлы түрде 100 пайыздық көлемге көшіп, Қытайдан шығатын тауарларды Еуропаға "Қорғас-Шығыс қақпасы" АЭА қуатын пайдаланып, Алтынкөл шекаралық стансасы арқылы өткізу жоспарлануда. Атап өтерлігі, қазақстан, ресейлік, белорусь темір жол басшыларының соңғы бірлескен кездесуінде жылжымалы құрамның жылдамдығын тәулігіне 1150 шақырымға жеткізу көзделді. Бүгінгі таңда БКЛК негізгі бағдарындағы теміржол инфрақұрылымы 2016 жылғы көрсеткіштен 3-4 есе көп жүкті кедергісіз алып өтуді қамтамасыз ете алады.

ЕО пен ҚХР шекаралық терминалдарының да осыншалықты жүктерді өткізуге әлеуеті жеткілікті.

БКЛК бірінші вице-президенті Ержан Жәкішевтің айтуынша, таяу болашақта тапсырыс иелеріне 1520 жолтабанды жаңа транзиттік инфрақұрылым жеткізілімі ұсынылады. Бұл өз кезегінде БКЛК темір жол бағдарына қызығушылықты көтеріп, 2025 жылдары тасымалдау көлемін 1 миллион TEU тоннаға жеткізуге болады.

Бүгінгі таңда "KTZ Express" АҚ серіктестерімен бірлескен түрде 17 тұрақты контейнерлік бағдарға операторлық қызмет көрсетеді. Ляньюньган портынан басқа Чунцин, Чженьчжоу, Ухань, Чэнду, Сиань, Иу, Хефей, Ланьчжоу қалаларымен де серіктестік жолға қойылған. Қазіргі кезде компанияның қызметін Hewlett-Packard, Acer, Huawei, Foxconn, Toshiba басқа да ірі трансұлттық компаниялар тұтынуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу