Метрология қауымдастығы жыл сайын 20 мамырда атап өтетін Дүниежүзілік метрология күні қарсаңында Қазақстанда "2017 жылдың Үздік өлшеу құралы" байқауының қорытындысын жариялады. Бұл туралы ҚР ИДМ баспасөз қызметі хабарлайды.
Аталған байқау 2011 жылдан бастап өткізіліп келеді. Оны Қазақстан метрология институты отандық өлшем құралдары өндірушілерін қолдау және ынталандыру мақсатында ұйымдастырған болатын.
Комиссия шешіміне сәйкес "2017 жылғы "Үздік өлшеу құралы" болып - "РКС-01-СОЛО" радиометрлер-дозиметрлер; "ҚОРҒАУШЫ-01" бөлінетін және радиоактивті материадарды автоматты анықтау жүйесі; "СПЕКТР-01-СОЛО" спектрометрі; "СПЕКТР-01-СОЛО-АЛЬФА" альфа-спектрометрі; "ЭПРАМ-01-СОЛО" сынама сұрыптау құрылғысы, "СОЛО ЛТД" ЖШС танылды. Сондай-ақ, I дәрежелі дипломға ие болды.