"Адал жол – Честный путь" жемқорлыққа қарсы марафоны басталды

1253

"Адал жол – Честный путь" жемқорлыққа қарсы марафоны басталды

Есіл ауданы әкімдігінің алаңында "Адал жол – Честный путь" жемқорлыққа қарсы марафонының салтанатты түрде ашылуы болып өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Марафон "Рухани жаңғыру" бағдарламасының аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде жүзеге асырылып жатқан "Өзгерістерді өзіңнен баста" жобасы аясында өткізіліп жатыр. Ұйымдастырушысы – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті.

"Адал жол – Честный путь" сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны Астана қаласының аудандары арасында өткізіледі.

"Біздің мұндағы мақсатымыз – тұрғындардың назарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Жыл басынан бері 138 түрлі іс-шара өткіздік, атап айтқанда байқау, семинар, дебат, КВН, флеш-моб, авто шеру, лекция, кездесулер", – деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары міндетін атқарушы Роман Ким.

Іс-шара барысында "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ флешмоб және Астана қаласының әкімшілігінің қолдауымен концерттік бағдарлама ұсынылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу