"Аэрофлот" Қазақстанға ұшатын рейс санын көбейтеді

789

"Аэрофлот" Қазақстанға ұшатын рейс санын көбейтеді

"Аэрофлот" әуе компаниясы Мәскеуден Қазақстанға ұшуды жиілетеді, бұл туралы РФ минтрансы жанындағы ведомствоаралық комиссия (ВАК) хабарлады, деп жазады 7kun.kz.

Тасымалдаушы аптасына ұшу жиілігін: Астанаға - 9-дан 12-ге дейін, Қызылордаға – 7-ден 10-ға дейін, Ақтөбеге – 4-тен 7-ге дейін ұлғайтуға рұқсат сұраған.

Мәскеу мен Астана арасында ( Алматы да бар) жүйелі түрде тек "Аэрофлот" пен Air Astana ғана ұшады. Бұл үкіметаралық келісім бойынша осы желілерде әр мемлекеттен бір тасымалдаушы ғана жұмыс істей алатындығына байланысты.

Қыркүйек айында РФ мен Қазақстанның авиабилігі өздерінің ірі қалалары арасында жиілікті ұлғайту жөнінде келісімге келген болатын. Дәлірек айтқанда, Астана-Мәскеу желісінде IАТА "Жаз-2018" маусымынан бастап апталық рейстер жиілігі 9-дан 12-ге дейін, басқа келісілген желілерде 7-ден 10-ға дейін ұлғайтылатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу