"Агробизнес-2020" бағдарламасында ішкі нарыққа сыртқы рейтингтің ықпалы ескерілмеген

672

"Агробизнес-2020" бағдарламасында ішкі нарыққа сыртқы рейтингтің ықпалы ескерілмеген

"Агробизнес-2020" мемлекеттік бағдарламасында сырттан келетін өнімді тисті органдардың бақылап отыруы туралы мәселе қарастырылмаған. Бұл туралы экономист Сайлау Берімбетов айтты, деп хабарлайды abctv.kz.
"Ресей  нарыққа өз өнімдерін қойып, өзгені ілестірмеуге тырысады. Оларда мұндай ұстанымды заңдастыратын құжаттар жетіп артылады. Ал Қазақстанның экспортқа шығаруға дайындаған өнімдері  ұзақ уақыт бойы вагондарда жатып, жарамсыз болып қалды. Бізге бұл мәселені Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде екі жаққа бірдей етіп заңдастыру қажет еді. Бізде қадағалау мәселесін қолға алып, май, ультрапастерленген сүт сияқты сырттан келетін тауарларға Ресей сияқты қатаң бақылау орнатсақ, ешкімге есе жібермеген болар едік. "Агробизнес-2020" бағдарламасы осындай мәселелерді айналып өтті. Басқаша айтқанда, ішкі нарыққа сыртқы рейтингтің ықпалын ескермеді", – дейді экономист.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу